25-27 қыркүйекте Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді. |
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«2023 жылғы 25-27 қыркүйекте Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында «Иннопром. Қазақстан-2023» атты халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Көрменің мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестициялар тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу», — деді ол ведомствода өткен брифингіде.
Оның дерегінше, көрмеде Қазақстан мен Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь және Еуразиялық экономикалық одақ, Пәкістан, Түркия, Үндістан, Иран, Әзербайжан және басқа да елдердің жекелеген компаниялардың экспозициялары ұсынылады.
«Іс-шараға жоғары қонақтар ретінде Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин мен Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченконың қатысуы жоспарланған», — деді Айбек Смадияров.