Қызылордалық жайдарманшы, Асылхан Дүкенбаев балаларды велосипедпен тасымалдап жүрген қамқор әкеге көлік сатып алу үшін қайырымдылық акциясын ашқан болатын, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарттық агенттігі ztb_kz-ке сілетеме жасап.
«Бүгін міне, көп түкірсе көл демекші, 8 млн көлемінде қаражат жиналып, Қанат ағамыз темір тұлпардың иесі болды», — деп жазды автор.
Айта кетейік, алдыңғы жазбамызда Қанат есімді Қызылорда қаласының тұрғыны, әлеуметтік желіде суыққа қарамастан балаларды велосипедпен тасмалдап жүрген бейнежазбасын жариялаған болатынбыз.
Қанат — 2 баланың әкесі. Осы уақытқа дейін вахтамен жұмыс жасаған. Кейіннен жұмыстан қысқарып, қазіргі таңда күзетші болып жұмыс жасауда.
«Видео желіде осындай ауқымды талқыланады деп ойламадым. Алғашында тіпті осыған байланысты ашуландым. Бірақ адамдар біз туралы жылы лебіздерін білдірген пікірлерді оқып, көңілім орынына түсті», — дейді Қанат.
Асылхан Дүкенбаевтың айтуынша, Қанат алғашында отбасына үй алу үшін ақша жинағысы келгендердің көмегінен бас тартқан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)