Түнгі студияда көпбалалы анаға баспана сыйлады

«Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрінің мүшелері «Түнгі студия» бағдарламасының мерекелік шығарылымының қонағы болды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Театрдың басшысы Мадияр Серікбаев алдағы жоспарларымен бөлісіп, гастрольдік сапардың қалай өтіп жатқанын айтты. Нұрлан Қоянбаев бұл концерттің ерекшелігі қандай деп сұрады.

«Біздер әр концертімізде бір баспана сыйлауға ниет қылып отырмыз, сол бойынша жұмыс жасап жатырмыз», — деді Мадияр Серікбаев.

Оның айтуынша, 60 күнде 100 концерттен асады.

Бағдарламаның соңында олар мұқтаж отбасыға қоңырау шалып, тікелей эфирмен оларға баспана сыйлайтынын айтты.

«Атам қазақ салған бойымыздағы үлкен сара жол бар — бұл бір бірімізге жылулық сыйлау. Бүгін мерекелік бағдарламада біз де осы жерде отырған баршамыз қазақ еліне тағы бір жақсылық жасасақ», —деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ