2023 жылғы 12 қазан күні қалалық полиция департаменті алаяқтардың белсенділігі артып келе жатқанын айтып, қала тұрғындарын әркімге сене бермеуге әрі қырағы болуға шақырды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлер күн өткен сайын қылмыстың да түрі көбейіп келе жатқанын мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда әркім өзінің жеке деректерінің ақпараттық қауіпсіздігі туралы біле бермейді, соның салдарынан олар оны сақтамайды".Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов
Осыған байланысты полиция өкілі ең танымал алаяқтық тізбектерін санамалап берді. Олар:
Сондай-ақ полицейлер назар аударатын маңызды жайттарға тоқталды.
"Әртүрлі "мессенджерлер" мен әлеуметтік желілер арқылы сізге жіберілетін күмәнді сілтемелерге кірмеңіз және әртүрлі сайттарға банк картаңыздың деректемелерін енгізбеңіз, себебі бұл вирустық файлдар мен жеке ақпаратыңызды жинауға арналған қосымшалар болуы мүмкін, болашақта банк картаңыздан рұқсатсыз төлемдер үшін пайдаланылады және қаскөйлерге мобильді банкингтегі қаражатыңызды иемденіп алуға мүмкіндік береді".Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі