Сексолог Желіде жыныстық-қатынас туралы айтамын деп, әкесімен араласпай кеткен

Сексолог Алина Шадинова тікелей эфирде жыныстық қатынас туралы айтамын деп, әкесімен 1,5 жыл араласпай кеткен, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Ол бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

«Әкем «Тегіңді ауыстыр, мені ұятқа қалдырма» деді. Біз 1,5 жыл сөйлеспей кеттік. «Бұл не ұятсыздық?», «Сен не туралы айтып жүрсің?» деді. «Папа, мен шындықты айтып жатырмын, бәрі орнымен» дедім. «Бүкіл әлемге емес, жабық жерде айт, оның не керегі бар?» деді. Әкем менімен сөйлеспей кеткенде ауыр болды. Жаныма батты. Бірақ, әлхамдулиллаһ, 1,5 жылдан соң татуластық, қазір мені қолдап отырады», − деді ол.