Белгілі блогер, Әсел Асқар әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу залында соққыға жығылғанын айтқан болатын. |
Ол "Рояль" фитнес клубында кәсіби спортшы, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.
Блогер Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілінің өзіне мұндай қарым-қатынас жасағанына қорланатынын, осы оқиға басқа елде болса шешімі басқаша болатын айтты. Сондай-ақ, қоғамдық резонанс тудырып, істі соңына дейін апаратынын да тілге тиек етті.
"Оның мені ұрғаны емес, Қазақстанда қазақтармен бірге өмір сүретін өзге ұлт өкілінің маған "жәлеп" дегені ауыр тиді. Басқа елде солай айтып көріңізші. Ол біздің ұлтымыздың кемсіткісі келе ме? Біз Ирак, Ауғанстан немесе Иранда емеспіз. Біз теңқұқылы мемлекеттеміз", — дейді Әсел Асқар.
Блогер өз сөзінде өзін ұрған азаматтың ұлтын бірнеше рет атап айтып, бұл оқиға басқа жерде болса қалай аяқталатынын болжаса да ұлтаралық араздық тудыратын ойы жоқ екенін айтты.
"Мен үнемі кавказ ұлтының азаматтарының аналарына, әпкелеріне, қыздарына жасаған сыйластықтарына ерекше қарайтынмын. Бүгін мені уақытылы ауызымда жаппағаным үшін ұрып, намысымды таптады. Ұятқа қалдырды. Ертең бұл нәрсе кез келген адамның басынан өтуі мүмкін. Бұл жердегі мәселе оның ұлтында емес", — деп жазды ол.
Бұл оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті де мәлімдеме жасады.
“Аталған деректі Медеу аудандық полиция басқармасы тіркеп, тексеруде. 1996 жылы туған азаматқа қатысты ӘҚБтК — нің 73-1 ("Ұрып-соғу") және ӘҚБтК-нің 434 ("Ұсақ бұзақылық") баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жәбірленуші алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады. Шешім шығару үшін іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады", — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.