“10,11 жасар баланың санасына арналған кино”: Блогер “Жездуха” фильмін қатаң сынға алды

Тик Ток блогер Gloria802 "Жездуха" фильмін қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол Tik Tok желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақ киносына қарным ашады. Кеше "Жездуха" деген киноға бардық, оның алдында "Родной" деген фильмге барғанбыз. Қазақ кинолары одноразовый кинолар шығарады ғой. Сюжет линиясы жоқ, психологиялық драмасы жоқ, не тереңдік жоқ, не мағынасы жоқ. Анайы әзілдері бар, сол жерді алып тастасаң 10,12 жасар баланың санасына арналған кинолар", — деп қатаң сынға алды блогер.