"Апат Семей қаласында, Бородулиха, Бесқарағай, Абай аудандарында тіркелді. Үзілген сәттен бастап, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан авариялық қызметтер, сол үзілген желілерді, электроэнергияны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп 1-1,5 сағаттың ішінде қалпына келтірді", — деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Жандос Қайырханов.
Қазіргі уақытта барлығы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.
Айта кетерлігі қатты желдің салдарынан Ерназар ауылы мен Семей қаласында жеке үйлердің шатыры ұшып кеткен. Ал Бесқарағай ауданында мемлекеттік мекеменің шатыры жұлынып қалды.
"Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданындағы мемлекеттік мекемеде желдің салдарынан орын алған жағдай бойынша комиссия құрылып, қанша зақым келгенін есептеп, сараптама жүргізіледі", деп қосты Жандос Қайырханов.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)